Балабақшадағы кезек мәселесі шешілді ме? Сауалнама

Елде мектепке дейінгі білім беру жүйесіне енгізілген ваучерлік қаржыландыру ата-аналар үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.

Бұл жүйе арқылы балабақша таңдау жеңілдеп, кезек мәселесін шешуге бағытталған жұмыстар жалғасуда. Алайда ата-аналардың пікірінше, балабақшадағы орын тапшылығы мен кезек күту мәселесі әлі де өзекті. Кей тұрғындар ваучерлік жүйенің тиімділігін атап өтсе, енді бірі мемлекеттік балабақшалар санын арттыру қажеттігін айтады.