Мемлекеттік қызметшілер жеке мүдделер туралы декларация тапсырады

Елде мемлекеттік қызметшілер үшін жаңа ереже енгізілмек. Енді олар жеке мүдделер туралы декларация тапсыруға міндетті болады.

Жаңа құжатты Сенат мақұлдады. Жалпы бұған дейін әр қызметші өзіне тиесілі міндеттемелер мен мүліктік жағдайына байланысты бір рет декларация тапсыратын.  Әрі ол жыл сайын есептік кезеңдегі табысына байланысты жаңарып отырады. Ал қазіргі заңда ұсынылып отырған мүдделер қақтығысы туралы декларация қаржылық жағдайды емес, туыстық қатынастар туралы мәліметті қамтиды. Және ол жұмысқа тұрар алдында, сонымен қатар басқа мекемеге ауысқан кезде міндеттеледі.

Наталья Дементьева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Жеке мүдделер туралы Декларацияның негізгі мақсаты: мемлекеттік қызметші қабылдайтын шешімдердің объективтілігіне әсер етуі мүмкін жағдайларды алдын ала анықтау, мемлекеттік орнган шешімдерінің жеке байланыстарға емес, заң және қоғамдық мүддеге негізделгеніне сенімді болуы тиіс.