Полицейлер ұрланған 7,6 млн теңгені иесіне қайтарды
Polisia.kz ақпараты бойынша, аталған қылмысты жасады деген күдікпен екі шетел азаматы анықталып, ұсталды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес күдіктілер Шымкент-Астана бағытындағы әуе рейсі кезінде жәбірленушінің салғырттығын пайдаланып, оған тиесілі 7,6 млн теңгені жасырын түрде жымқырған. Күдіктілер өз кінәсін мойындап, қамауға алынды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар шетел азаматтарының осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.