Түркістан облысында интернет алаяқ ұсталды
Ол өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, түркістандық тұрғынды төмен пайызбен 2,5 миллион теңге несие рәсімдеуге көндірген.
Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары кезінде күдіктінің жеке басы анықталды. Ол Шымкент тұрғыны боп шықты. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Гүлнар Әбдірахманқызы, ПД ресми өкілі:
- Тергеу барысында күдіктінің осыған ұқсас үш интернет-алаяқтық фактілеріне қатысы бар екені анықталды. Шығынның жалпы көлемі 7 млн теңгеден асады. Тәртіп сақшылары азаматтарға әлеуметтік желілердегі күмәнді хабарландыруларға сенбеуді және белгісіз адамдарға жеке мәліметтер мен қолма-қол ақша аудармауды ескертеді.