Елордада «Әкелер» форумы өтті
Астанада қалалық «Әкелер» форумы өтті. ТЕД-икс форматында өткен жиында ер азаматтардың отбасыдағы, әсіресе бала тәрбиесіндегі рөлі сөз болды.
Қатысушылар әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты күшейтудің және тал бесіктен тәрбие берудің маңызын атады. Жалпы форумның мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайтып, бала өмірінде тек ананың емес, әкенің де жауапкершілігін арттыру.
Жақыпбек Жылқыбайұлы, «Әкелер кеңесі» РҚБ Қарағанды облысы бойынша төрағасы:
- Әкелердің осы ортадағы белсенділігін артыру үшін Әкелер кеңесі, Әкелер қоғамы жұмыс жасап, жақсы нәтиже беріп жатыр. Осындағы форумның өткізілуі де алғашқы жақсы нәтижесін береді деп не үшін айтамыз? Себебі көптен бері келмей жүрген әкелер, аналар да келсе, әкелердің ұжымы, одағы бар екенін біліп, әкелер осы ортаға, осы қатарға қосылсын.