«Самұрық-Қазына» аймақ балаларын қолдайды
Ел жаңалықтарына ойыссақ. Соңғы 10 жылда «Самұрық-Қазына» қайырымдылық қоры Шығыс Қазақстан облысында 25 жобаны жүзеге асырды.
Бұл бастамалардың дені денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік осал топтарды қолдау және бұқаралық спортты дамыту сияқты бірнеше маңызды салаларды қамтыды. Қазір қор қолдаумен іске асырылған бағдарламалар өз нәтижесін көрсетіп жатыр.
«Самұрық-Қазына» қоры Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында «Самұрық үміті» пилоттық жобасын сәтті іске асыруда. Мақсат - балалар үйінің түлектеріне мамандық таңдауға көмектесу. Қазір осы жобаға қатысқан 100 түлектің 39-ы түрлі мамандықтар бойынша колледждерде білім алып жатыр. Оның 28-і Павлодар облысында болса, 11-і Шығыс Қазақстанда. Олардың әрбіріне тәлімгер бекітілген.
Альфия Адиева, «Samruk-Kazyna Trust» КҚ бас директоры:
- Тәлімгер балаларға мамандық таңдауға және оны терең түсінуге көмектесіп отырады. Басты назарды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға аударудамыз. Бұл слеасарь, механик, электромонтер, токарь.
Жоба балаларды мамандық түрімен таныстырып қана қоймайды. Түлектер болашақта «Самұрық Қазына» тобына қарасты кәсіпорындарға жұмысқа тұруға мүмкіндік алады. Асанат Шойынбаев 10 сынып оқушысы. «Самұрық Үміті» жобасына қатысқан екі жылда ол кәсіптік бағытта көп ақпарат алып, талай зауытты аралапты.
Асанат Шойынбаев, жобаға қатысушы:
- Самұрық-Қазына бізге келіп, кәсіптік бағдар беріп, болашақта қандай мамандықты таңдайтынымыз туралы әңгімелесеміз және қалаға барып көптеген зауыттарда болдым. Өте қызықты және маған болашақта көмектеседі деп ойлаймын.
6 жыл бұрын ашылған «Қамқорлық» оңалту орталығы да жемісті жұмыс істеп келеді. Заманауи медициналық жабдықтармен қамтылған бөлімде осы күнге дейін 13 мыңдай бала ем-шара қабылдады. 7 жастағы Софияға жол апатынан соң операция жасалған. Қазір оңалтудан өтіп жатыр.
Ирина Колоткина, Риддер қаласының тұрғыны:
- Екі операция жасалды. Одан соң сөйлеуінде, ойлауында көп кедергілер пайда болды. Осында келгелі жағдайы жақсарып қалды.
Аймақта осыған ұқсас тағы 3 тегін мекеме бар. Соңғы он жылда «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен жалпы құны 2 миллиард теңгеге жуықтайтын 25 әлеуметтік жоба жүзеге асты.
Авторлары: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов