Маңғыстауды батыспен қосатын күре жолды жөндеу басталды
Маңғыстауды батыс аймақтармен қосатын күре жолдың қос учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары басталды.
Мамандар республикалық маңыздағы жолдың мерзімінен бұрын тозуына жүкті шамадан асыра тиеп алатын жүк көліктері себеп дейді. Жыл басынан бері ереже бұзғандарға қатысты 116 әкімшілік іс қозғалып, 52 млн 500 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. Қазір жолшылар «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Ақтау» бағытындағы тас жолдың 78 шақырымдық бөлігінде негізгі қабатын қырып, орнына қиыршық тас пен асфальтбетон жабындысын төсеп жатыр. Отандық үлгідегі жол материалы ұзақ жылдарға шыдас беруі тиіс.
Қарасай Абықанов, "Қазавтожол" ҰК" АҚ филиалының инженері:
- Жөндеу жұмыстарын жолдың 580-632 шақырымдық аралығында 52 шақырымында және де 692-718 шақырым аралығындағы 26 шақырымында жүргізу мерзімі өтпелі кезеңмен, 2026-2027 жылдар арасында жүзеге асыру жоспарланған. Жай-күйіне байланысты, нормативті уақыты келіп тұрса соған қарай жүргізіледі.