Зерттеу: Қазақстандықтардың спорттық әдеттері өзгерген
Қазақстандықтардың спортқа деген қызығушылығы жыл сайын артып келеді. Алайда қазақстандықтар спортпен шұғылданғаннан гөрі, жанкүйер болғанды жөн көреді. Beeline Қазақстан Big Data сарапшылары жүргізген зерттеу осындай қызықты деректерді анықтады, деп хабарлайды «24KZ».
Зерттеу нәтижесіне сәйкес, елде спорттық жарыстарды тұрақты бақылайтындардың саны 2,3 миллионнан асады. Ал спортпен белсенді айналысатындар шамамен 165 мың адам ғана.
Демек, Қазақстанда бір спортшыға орта есеппен 14 жанкүйерден келеді.

Қазақстандықтар спортпен шұғылданғаннан гөрі жанкүйер болғанды қалайды
Спорт тек эмоция сыйлап қана қоймай, адамдардың тұтынушылық әдеттеріне де әсер етеді екен.
Мысалы, «Қайрат» футбол клубының үйдегі матчтары қарсаңында стадион маңындағы дүкендерде сауда көлемі күрт артады.

Футбол матчтары кезінде чипс сатылымы 337 пайызға өседі
Сондай-ақ,
тіскебасарлар (+157%)
салқын шай (+130%)
лимонад (+99%)
шоколад (+92%)
Ал энергетикалық сусындарға сұраныс (+60%) артады.
Қазақстанда белсенді спортшы портреті

Қазақстандағы белсенді спортшылардың басым бөлігі – әйелдер
Қалыптасқан түсінікке қарамастан, елімізде спортта белсенді ер адам емес, әйелдер болды.
Зерттеуге сәйкес, елімізде орташа спортшы портреті -30 бен 44 жас аралығындағы әйелдер. Олар көбіне iPhone пайдаланады, жиі саяхаттайды, денсаулыққа мән береді және табысы орташа деңгейден жоғары Алматы, Астана қаласының тұрғындары болып отыр.
Айта кетерлігі, белсенді спортшылар арасында 1 миллион теңгеден жоғары табыс табатындардың үлесі жанкүйерлерге қарағанда екі есе көп. Яғни, белсенді спортшылар табысты азаматтар екені көрінді.

Фитнес залдан гөрі жүгіру танымал
Қазақстандықтардың спорттық әдеттері де өзгеріп келеді. Бұрын фитнес-клубтарға бару сән болса, қазір көпшілік жүгіруді таңдайды.
Зерттеу дерегіне сүйенсек, жүгіру және ашық ауадағы жаттығулармен шамамен 99 мың адам айналысады. Бұл фитнес-клубтар мен күштік жаттығулар аудиториясынан үш есе көп.
Спорт әуесқойлары арасында түрлі қосымшалар да кең таралған. Ең танымал платформалар қатарында Zepp Health (28,8%), Garmin (24,1%) және Strava (19,7%) бар.

Қазақстандықтар марафон үшін шетелге барады
Соңғы жылдары жүгіру спорттық туризмнің дамуына да ықпал етіп отыр. Қазақстандықтар шетелге демалу үшін ғана емес, марафондарға қатысу үшін де жиі бара бастады.
Зерттеу барысында марафондарға қатысқан немесе қолдау көрсеткен шамамен 52 мың адам анықталған. Оның ішінде 4 мыңнан астам қазақстандық Берлин, Лондон, Стамбұл, Барселона және басқа да әлемдік марафондарға арнайы барған.
Сарапшылардың пікірінше, марафон бүгінде жай жарыс емес, белсенді өмір салтын ұстанатындардың мәдениетіне айналып келеді.
.png)
Қазақстандықтардың спорттық фавориті
Футбол қазақстандықтар көретін спорт түрлерінің көшін бастайды. Спорттық арналарды қарайтын көрермендердің 97,5 пайызы футбол матчтарын тамашалайды.
Одан кейін қысқы спорт түрлері (28,8%), хоккей (20,6%), бокс (11%) және MMA (9,6%) келеді.
Алайда көрерменнің экран алдында өткізетін уақыты бойынша снукер көш бастап тұр. Бұл спорт түрінің жанкүйерлері матчтарды орта есеппен 802 минут қарайды.
Спорттық трансляциялар арасында ең танымал арна – Qazsport HD. 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында арна 2 миллионнан астам қаралым жинаған.
Спорт – қазақстандықтардың өмір салтына айналып келеді
Вig Data сарапшыларының зерттеуі спорттың бүгінде жай ғана хобби емес екенін көрсетеді. Ол адамдардың қайда баратынына, қандай тауар сатып алатынына, бос уақытын қалай өткізетініне және тіпті саяхат таңдауына дейін әсер ететін маңызды факторға айналған.