Абай облысында бағалы металдарды заңсыз өндірушілер ұсталды

фото: ЖИ

ҚМА Абай облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Жарма ауданында заңсыз бағалы металл өндіргендерді анықтады, деп хабарлайды «24KZ». 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында барлау және заңсыз өндіру жұмыстары жүргізілген үш жер анықталды.

Заңсыз қызмет салдарынан топырақ беті кең көлемде бүлініп, оның ішінде құнарлы қабаты сыпырылып алынған.

Алтын түстес металл, байытуға арналған жуу жабдығы, арнайы техника және автокөлік құралдары тәркіленді.

Қазіргі уақытта барлық қатысы бар барлық тұлғалар, заңсыз өндірілген бағалы металдардың көлемі және келтірілген залалдың мөлшері анықталуда.

Тергеу жалғасуда. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз