Ресейде үш қазақстандық жоғалып кетті
Әлеуметтік желіде Ресей аумағында үш Қазақстан азаматы жоғалып кеткені және олармен байланыс үзілгені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды «24KZ».
Іздеу туралы ақпарат жариялаған rozysk_kz парақшасында туыстары бірнеше аптадан бері жақындарынан еш хабар ала алмай, олардың қайда екенін анықтауға тырысып жатқаны туралы айтылады.
Жақындарының айтуынша, мамыр айының соңында отбасы белгісіз себеппен шұғыл түрде Қазақстанға шығуға шешім қабылдаған. Алайда содан кейін олардың телефондары өшіп, байланысқа шықпай қойған.
Олар соңғы сегіз жыл бойы Ресейдің Екатеринбург қаласында тұрақты тұрған. 2026 жылдың мамыр айында шұғыл түрде Қазақстанға жолға шыққан. Мамыр айының соңынан бері олармен байланыс толық үзілген, ұялы телефондары өшірулі.
Бейресми мәлімет бойынша, олар қазіргі уақытта Ресейдің Қорған (Курган) қаласында көші-қон қызметі тарапынан ұсталған немесе қамауда болуы мүмкін. Алайда бұл ақпаратты мемлекеттік органдар әзірге ресми түрде растаған жоқ.
Іздеуде жүрген Қазақстан азаматтары:
Плахина Валентина Сергеевна, 1975 жылғы 25 маусымда туған (51 жаста).
Плахин Вячеслав Сергеевич (ұлы), 2002 жылғы 3 қарашада туған (23 жаста).
Белгілері
Плахина Валентина Сергеевна
Жасы – 51-де.
Арық денелі, ұзын қара шашты, көзі ашық түсті.
Суретте – жасыл бандана таққан, сол жақта тұрған әйел.
Плахин Вячеслав Сергеевич
Жасы – 23-те.
Қысқа қара шашты.
Қазақстанға шығар кезде үстінде ақ суреті бар қара капюшонды худи болған.
Суретте – қара капюшон киген, оң жақта тұрған жігіт.
Егер сіз оларды автовокзалдарда, теміржол станцияларында, Екатеринбург – Қорған (Курган) – Қазақстан шекарасы бағытындағы жолда көрген болсаңыз немесе Қорған қаласындағы болуы мүмкін жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, туыстарына хабарласуыңызды сұраймыз, делінген әлеуметтік желіде. Байланыс телефоны: +7 777 511 97 46.