Ата заңдағы өзгерістер білім мен ғылымға жол ашады

Бүгіннен бастап күшіне енген жаңа Ата заң адами капиталды дамытуға жол ашады. 

«Sarap» сарапшылар клубының отырысына қатысушылар осындай пікір білдірді. Олар білім, ғылым және кәсіби кадрларды дамытуға басымдық беру елдің дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі тетігі. Бұл мемлекетіміздің әлемдік сахнада алдыңғы қатарға шығуына және дамыған мемлекеттер арасында өз орнын алуға мүмкіндік береді. Қазақстандық даму институтында өткен жиынға құқық саласының мамандары, профессорлар, түрлі компания директорлары мен Сот төрелігі академиясының директоры қатысты. Сарапшылар конституциялық ережелерді іске асыру, конституциялық институттарды дамыту, құқық үстемдігін нығайту бағытындағы мәселелердің өзекті тұстарына тоқталды. 

Жасұлан Қуандық, президенттік жастар кадр резервінің мүшесі:
- Бұл дегеніміз елдегі барлық күштік құрылымдар, сонымен қатар негізгі инвестиция адами капиталға салынатынын көрсетеді. Білім мен ғылымға, адами капиталға негізделген инвестиция елдің болашағын жарқын етері сөзсіз. Себебі бүгінгі таңдағы әлем елдері пайдалы қазба байлықтарға емес, инвестицияның 70%-ға жуығын адами капиталға құйып жатыр. Яғни бізде интеллектуалды, зияткерлік әлеуетті осы арқылы біз дамытатын боламыз.