Атырауда жылжымайтын мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды

Атырау қалалық әкімдігі құны 400 миллион теңгеден асатын жылжымайтын мүлікті мемлекет меншігіне қайтаруға мәжбүр болды.

Әкімдік бірқатар нысанды кәсіпкерлерге сенімгерлік басқаруға беріп, кейін олардың пайдаланылуын тиісті деңгейде бақылауға алмаған. Бұл мәселе Прокурорлардың араласуынан соң белгілі болды. Сонымен қатар кәсіпкерлерге берілген жер телімдері ұзақ уақыт игерілмей бос жатқан. Құзырлы органның араласуымен 28 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

Медет Оразов, облыс Прокуратурасының басқарма прокуроры:

- Анықталған заң бұзушылықтар нәтижесінде прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, ұзақ уақыттар бойы игерілмеген жер учаскелерін және сенімгерлік басқаруға берілген мүліктерді қайтару бойынша бірқатар шаралар қабылданды. Аталған бағытта талдау жұмыстары жалғасуда және облыс прокуратурасының қатаң бақылауында.