Премьер Бектенов Астанадағы жаңа спорт университетінің жұмысымен танысты
Премьер-министр Олжас Бектенов Астанадағы жаңа Қазақ ұлттық спорт университетінің жұмысымен танысты.
Оқу орны спорт журналистикасы, киберспорт және жасанды интеллект бағытында жаңа буын мамандарын даярлайды. Үкімет басшысына жаттығу сапасын арттыратын smart-зертханалар мен қазақ күресін дамытуға арналған отандық ғылыми жобалар көрсетілді. «Бұл университет білікті мамандарды даярлаудың озық өңірлік орталығына айналуы тиіс», - деді Олжас Бектенов. Қазақ ұлттық спорт университеті шетелдік серіктестермен бірлесіп, қос дипломды білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Мұнда спорттық медицина мен оңалту орталығы да істейді. Ол спортшыларды диагностикалау, емдеу, қалпына келтірумен қатар, заманауи ғылым технологияларын қолданады.