Жаңа Конституция инвесторлардың құқығын қорғайды
Жаңа конституция инвесторлардың құқығын қорғайды. Respublica партиясының кезектен тыс V Съезінде осындай мәлімдеме жасалды.
Партия төрағасы Айдарбек Қожаназаровтың сөзінше, экономиканы дамытып, ел игілігіне қызмет еткісі келген кәсіпкердің инвестициясы мемлекет қорғауында болуға тиіс. Сондай-ақ азаматтарға бірдей мүмкіндік берілуі керек. «Яғни таныс-тамырлықтың орнына білім мен білік алға шығатын уақыт келді», - деді Respublica жетекшісі.
Айдарбек Қожаназаров, Respublica пеартиясының төрағасы:
- Экономика – мақсатқа жеткізетін құрал. Ал басты мақсат – әр адамның әл-ауқатын арттыру. Сондықтан бізді ең алдымен адамдардың өмірінде нақты қандай оң өзгерістер болатыны алаңдатады. Respublica экономика талабын түсінетін, шешімдерді жедел қабылдайтын, жаңа салалардың дамуына қолдау көрсететін, адал бәсекені қорғайтын әрі ел ішінде өндірісті дамытуға ынталандыратын мемлекет құруды қолдайды. Өйткені мұның бәрі азаматтардың сапалы өмір сүруіне берік негіз бола алады.