Бас мешітке «Нұрсұлтан мешіті» атауы берілді

Елордадағы Бас мешітке «Нұрсұлтан мешіті» атауы берілді.

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы хабарлады. Жаңа атау ресми қолданысқа енді. Республикалық Бас мешіт Астананың ғана емес, барша Қазақстан мұсылман жамағатының ортақ рухани ордасы. Ол халық бірлігін нығайтуға, бейбітшілік пен келісімді дәріптеуге, ізгілік пен мейірімділік секілді асыл құндылықтарды насихаттауға қызмет етіп келеді. Жаңа атаумен жаңғырған құлшылық орыны алдағы уақытта да игі бастамаларды дамытуға үлес қоса береді, - делінген хабарламада.