ШҚО-да 87 заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды 

Шығыс Қазақстан облысында демалыс орындарында санитарлық бақылау күшейтілді. 

«Таза Қазақстан» акциясы аясында 16 мобильді топ рейдке шықты. Дрондардың көмегімен 124 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталып, оның 87-сі жойылды. Тәртіп сақшылары саябақтар мен жағажайларда демалушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық тәртіп пен тазалық талаптарын сақтауға үндеді.

Гүлім Қасымбаева, ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының аға инспекторы:

- «Таза Қазақстан» акциясы аясында полиция қызметкерлері адамдар көп жиналатын орындарда профилактикалық рейдтер жүргізіп жатыр. Тұрғындарды қоғамдық орындарда тәртіп сақтап, қоқыс қалдырмауға және тыйым салынған жерлерде от жақпауға үндейміз.