Ақтөбе облысында дауылдан 3 адам зардап шекті

Ақтөбе облысының Байғанин ауданында қатты дауыл соғып 3 адам зардап шекті. 

Секундына 25 метрге жеткен екпінді жел байланыс мұнарасын құлатқан. Темір жақын маңдағы дүкеннің үстіне түсті. Салдарынан жарақат алған 3 адам аудандық ауруханаға жеткізілді. Ауданда жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды. Комиссия құрылып, шығын көлемі анықталып жатыр. Аудан орталығында электр энергиясы мен ұялы байланыс қызметін қалпына келтіру үшін авариялық бригадалар жұмыс істеуде.