ШҚО-да балалардың терезеден құлауы азаймай тұр
Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 7 бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап, үшеуі мерт болды.
Мамандардың айтуынша, қайғылы оқиғалардың басым бөлігі ата-аналардың салғырттығынан болады. Осыған байланысты өңірде алдын алу шаралары күшейтілді. Полиция қызметкерлері мен төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге кірісті. Әлеуметтік осал және көпбалалы отбасылардың үйлеріне терезеге арналған қорғаныс бекіткіштері мен қауіпсіздік құрылғылары тегін орнатылып жатыр.
Константин Боровиков, Глубокое аудандық ТЖБ бастығы:
- Осы бағыттағы профилактикалық жұмыстар аясында тұрғындарға ақпараттық жадынамалар таратылды. Төрт және одан да көп бала тәрбиелеп отырған, ерекше қажеттілігі бар балалары бар отбасылардың үйлеріне арнайы қорғаныс құрылғылары орнатылды.