13 шілде – Ұлттық қауіпсіздік органдары күні

Биыл Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 34 жыл толды. 

Осы уақыт ішінде Комитет мемлекетті сыртқы және ішкі қатерлерден қорғап келеді. Мәселен, соңғы төрт жылда шекарашылар шекара режимін және аумақтық суларды бұзған 6 мыңнан астам құқық бұзушыны ұстады. Олардың үстінен 2 500-ге жуық қылмыстық іс қозғалып, заңнаманы бұзған 100 мыңнан астам адам елден шығарылды. Сондай-ақ қару-жарақ, оқ-дәрі және есірткі тасымалдаудың 20 мыңға жуық фактісі, әртүрлі тауарлар контрабандасының 37 000-ға жуық жағдайы анықталды.