Пышақ жарақаты бар қыздың мәйіті табылды: Абай облысында күдікті ұсталды
Абай облысы Бородулиха ауданында қызды өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды «24KZ».
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 шілде күні таңғы сағат 06:00 шамасында Бородулиха ауылында жергілікті тұрғын өз үйінің маңынан пышақ жарақаттары бар бойжеткеннің мәйітін тапқан.
Аталған дерек бойынша адам өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің кім екенін анықтап, ауданның 20 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Тергеу мәліметіне сүйенсек, күдікті мен марқұм бір-бірін таныған. Олардың арасында жанжал шыққан.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз