Ет сатушы қосымша сүйек алуға мәжбүрлесе не істеу керек? Министрлік жауап берді
Ауыл шаруашылығы министрлігі базарларда сатып алушыға таңдамаған ет не сүйек бөліктерін қоса сатуға мәжбүрлейтін жағдайлар кездесетінін растады, деп хабарлайды «24KZ».
Вице-министр Азат Сұлтановтың айтуынша, мұндай әрекет тұтынушы құқығын бұзу болып саналады. Егер сатушы сіз таңдаған етті ғана сатудан бас тартса, оған шағымдануға болады. Оның айтуынша, базарларда осындай жағдайлар туралы хабарлауға болатын телефон нөмірлері жазылған стенд орнатылуы тиіс. Фото немесе видеоны дәлел ретінде пайдалануға болады.
Сондай-ақ министрлік әзірге сиыр еті бағасының күрт қымбаттауына негіз жоқ екенін мәлімдеді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз