Атышулы іске нүкте қойылды: Сұлтан Сәрсемәлиев өмір бойы бас бостандығынан айырылды

Атырау облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Сұлтан Сәрсемәлиевті төрт адамды өлтіргені үшін кінәлі деп тауып, өмір бойы бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды «24KZ». 

Айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиевке бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның ата-анасын, туған ағасы мен қарындасын өлтірді деген айып тағылған. Қайғылы оқиға 2025 жылдың соңында Атырау облысы Жангелдин ауылында болған.

Ал оның бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Прокуратураның мәліметінше, тергеу оның ата-анасы, бауыры мен әпкесінің (немесе қарындасының) өлтірілгенін жасыру фактісі бойынша кінәсін дәлелдеуге жеткілікті айғақ таппаған.

Сонымен қатар ол жәбірленушілерге моральдық өтемақы ретінде 40 миллион теңге төлеуге міндеттелді

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз