Respublica партиясының кандидаттары тіркелді

Орталық сайлау комиссиясы алғашқы партия кандидаттарын тіркеді. «Республикалықтарға» ресми куәлік берілді. Саяси ұйым бастапқыда 76 адамды қойған еді. 

Алайда орта жолда бір мүшесі үміткерліктен шығуға өз еркімен шешім қабылдап, өтініші мақұлданды. Сонымен 75-тің ішінде орташа жастағылар – 40-тан асқандар. 35 жасқа дейінгі жастар үлесі 12 пайыз. Жалпы 44 ер және 31 әйел адам бар. Кандидаттар тізіміндегілердің 70 пайызы кәсіпкер.

Олжас Құспеков, Respublica партиясының мүшесі:

- Олардың басты мақсаты – бірінші кезекте өздерінің арманындағы Қазақстанды бірге құру. Дәл қазір біздің еліміздегі жалаң ұрандар емес, нақ осындай іске тұлғалардың көзқарасы ауадай қажет. Сондықтан елді дамытуға ұмтылатын мықты команда тіркелді деп айта аламын.