Жетісу облысында «Қойтас» экопаркінің аумағы абаттандырылды

Жетісу облысында «Жасыл ел» жасағы Қойтас экопаркінің аумағын қоқыстан тазартып, айналасын абаттандырды. 

Экологиялық сенбілікке еріктілер мен мемлекеттік қызметшілер де қатысты. Көктемнен бері Сарқан ауданында 20-дан астам тазалық шарасы ұйымдастырылып, 5 мың тоннаға жуық қоқыс арнайы полигонға шығарылды. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауыл-аймақты көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына бюджеттен 19 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді.

Әдемі Сейіткер,  «Жасыл Ел» жастар қозғалысының қатысушысы:

- Осы «Таза Қазақстан», яғни «Жасыл ел» ел еңбек жасақшылары да және өз халқымыз да өз айналасын таза ұстап және осындай акцияға қатысуы тиіс деп ойлаймын.

Әсет Қанапиянов, Сарқан ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Жалпы сенбіліктерге 11 мыңнан астам адам жұмылдырылып, 200-ге жуық техника тартылды. Нәтижесінде 5 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Сонымен қатар «Таза жағалау» акциясы аясында Балқаш көлінің жағалауында тазалық акциясы ұйымдастырылып, тазарту жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күнге дейін осы бағыттағы жұмыстар жалғасып келеді.