Түркістан облысында жол апатынан жеті адам қаза тапты

Фото: depositphotos.com

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды «24KZ».

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көлік апаты Бәйдібек ауданындағы Шаян – Екпінді автожолында болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, түнде Toyota Camry және Volkswagen Passat көліктері соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан сол жерде жеті адам қаза тапты.

«Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданады», - деді баспасөз қызметі

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз