Ата заң – ел тірегі. Сауалнама
Конституция – азаматтардың құқығы мен бостандығына кепіл болатын басты құжат. Конституция елдің тұтастығын күшейтіп, ұлттық болмысын сақтауға қызмет етеді.
Қазақстандықтар күшіне енген жаңа Ата заңда зайырлы мемлекеттің барлық мызғымас тірегі қамтылған деп біледі. Сонымен қатар халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидаты конституциялық негізде бекітілген. Бұл билік пен халық арасындағы байланысты жаңа деңгейге көтереді, - дейді тұрғындар.