Жезөкшелік пен адам ағзасын саудалау: Қазақстанда ұйымдасқан екі қылмыстық топ ұсталды
ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Самат Құсетов адам саудасына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды «24KZ».
Ішкі істер министрлігі «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заңды іске асыру аясында мақсатты республикалық жедел-профилактикалық іс-шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде мәжбүрлі еңбек, жыныстық қанау және ағзаларды сылып алу сияқты адам саудасына қатысты 80 қылмыс тіркелді. Құқық қорғау органдары адам саудасымен айналысқан екі ұйымдасқан қылмыстық топтың (ҰҚТ) заңсыз әрекетін тоқтатты. Оның бірі Алматы мен Шымкент қалаларында әрекет еткен.
«Қылмыстық топ белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды іздеп, жалдаумен айналысқан. Олардың атына оң кредиттік тарих қалыптастырып, кейіннен қымбат автокөліктерді ресімдеу және оларды сату мақсатында пайдаланған. Бүгінгі таңда ұйымдастырушылар ұсталып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деді Самат Құсетов.
Сонымен қатар, жезөкшелікпен айналысуға және жыныстық сипаттағы қызметтер көрсетуге әдейі үй-жай бергендерге қатысты 758 әкімшілік іс қозғалды. Тәркіленген айыппұлдардың жалпы сомасы 213 миллион теңгеден асты.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз