«Самұрық-Қазына» қызметкерлері Баум тоғайын тазалады

«Самұрық-Қазына» қоры «Таза Қазақстан» акциясы аясында еліміз бойынша тұрақты түрде экологиялық сенбіліктер ұйымдастырып келеді. 

Бұл жолы игі бастама Алматыдағы Баум тоғайында жалғасын тапты. Сенбілікке екі жүзден астам қызметкер қатысты. Олар аумақты қоқыстан тазартып, санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді.

«Самұрық-Қазына» қызметкерлері Баум тоғайын тазалады

Баум тоғайы – Алматыдағы ең көрікті орындардың қатарына кіреді. Осы жасыл аймаққа сенбілік өткізуге «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының екі жүзден астам қызметкері арнайы келді. Олардың қатарында алматылықтармен қатар, басқа облыстың өкілдері де бар. Қор тазалық шараларымен қоса, көгалданыру жұмыстарын жалғастырады.

Ғибрат Ауғанов, «Самұрық–Қазына» АҚ басқарушы директоры:

- Биылдың өзінде біз 5 млнға жуық ағашты отырғызуға жоспарлап отырмыз. Ол Семей орманымен және Ертіс ормандарына жоспарланып тұр. Осының тең жартысын отырғыздық. «Самұрық-Қазына» қорының  қызметкерлері қоршаған ортаны таза ұстауға жүйелі түрде қалыптасқан болып келеді. Әрине, біз жұмысты одан арығарай жалғастырамыз.

Биыл жарты жылдың өзінде қор «Таза Қазақстан» акциясы аясында мыңнан астам экологиялық іс-шара өткізіп, осынша сенбілік ұйымдастырған.

Сәбит Қаржаубайұлы, «Самұрық-Қазына» АҚ Маңғыстау облыстық жастар кеңесінің төрағасы:

- «Самұрық-Қазына» жастары «Таза Қазақстан» акциясына тұрақты түрде үлестерін қосып келеді. Біз өзіміздің табиғатымызды өзіміз қорғап, өзіміз қорғап өзіміз күтіп, ұстамасақ болашақ ұрпаққа ешқандай осындай керемет табиғат қалмайды деген қорқыныш бар. Сондықтан, кез келген азамат жерге үлесін қосып күтіп ұстау міндетті деп ойлаймын.

Бірнеше сағат ішінде тазалық акциясына қатысушылар екі көлікке жүк болатын қоқыс жинап шығарды. «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы «Таза Қазақстан» акиясы басталғалы бері 6 млнға жуық жасыл желек еккен. 

Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова,  Валентин Лобанов