«Болашақ ойындарын» өткізуге бюджеттен 10 млрд теңге қарастырылды
Астана «Болашақ ойындарын» бастайды.
Елге әлемнің ең үздік киберспортшылары келіп жатыр. Жалпы 35 мемлекеттен мыңға тарта спортшы қатысады. 8 ойын түрінен сынға түседі.
«Болашақ ойындары» дәстүрлі спорт пен цифрлық технологияны ұштастырған, жаһандаҒы ең қызықты әрі креативті жарыстардың бірі. Дүбірлі дода кезінде әлемнің түкпір-түкпірінде тақым қысатын милиондаған көрермен-нен бөлек, Астананың өз басына сырттан 10 мыңға жуық турист келеді деген жоспар бар.
Елордамыз алдағы 12 күн әлемдік спорт пен цифрлық технологиялардың тоғысқан алаңына айналады. Яғни бүгін «Болашақ ойындарының» жалауы ресми түрде желбірейді. Ашылу салтанаты сағат 16:45-ке жоспарланған. Games of the Future көрерменге бұрын-соңды болмаған талас-тартысқа толы тың формат ұсынуға дайын.
Серік Жарасбаев, ҚР Туризм және спорт вице-министрі:
- Бүгінде фиджитал спорт әлемнің 115-тен астам елінде дамып келеді. Сондықтан Астанада осындай ауқымды турнирдің өтуі Қазақстанның халықаралық спорт кеңістігіндегі орнын нығайтып, еліміздің заманауи спорттық трендтерге ашық екенін көрсете алады.
Болашақ ойындарының басты ерекшелігі – фиджитал форматында өтеді. Командалар алдымен виртуалды әлемде бақ сынайды. Кейін дәл сол қарсыласымен спорт алаңында кездеседі. Жеңімпаз екі кезең қорытындысы бойынша анықталады. Мұнда физикалық дайындықпен қоса технологияны меңгеру қабілеті шешуші рөл атқарады.
Ержан Шәкеев, «Қазспортинвест» АҚ спорттық іс-шара департаментінің басшысы:
- Phygital дегеніміз физика және диджиталдың қосындысы. Алдымен Didgital кезеңінде сайыстар өтеді. Одан кейін физикалық тұрғыда жарыстарын жалғастырады. Ең ұзақ өтетін әрине киберспорттық дисциплиналар саналады. 1 сайыс 1 сағаттан астам өтуі мүмкін.
«Болашақ ойындары» 8 спорт түрінен өтеді. Онда Қазақстан атынан 11 команда ел намысын қорғайды. Турнирдің жалпы жүлде қоры 4,5 млн доллардан асады. Яғни әр ойынға 75 мыңнан бастап, 1 млн долларға дейінгі аралықта қаржылай сыйақы қарастырылған.
Серік Жарасбаев, ҚР туризм және спорт вице-министрі:
- Болашақ ойындарына жалпы 24 млрд теңге қарастырылған. Оның 45 пайызы бюджет тарапынан нақтырақ айтса, 10 млрд теңгеге жуығы қарастырылды. Қалған 13-14 млрд теңге толықтай демеушілерден қарастырылған. Жаңағы 13 млрд теңгенің жартысы халықаралық Phygital international ұйымынан әкеліп құйылды.
Аталмыш турнир биыл 3-мәрте өткелі отыр. Алғаш рет 2024 жылы Ресейде бастау алса, былтыр Абу-Дабиде жалғасты. Айта кетейік, жарыс Астананың 4 спорт нысанында ұйымдастылады. Сайыстарды “Барыс Арена” мен “Beeline Арена” және Жақсылық Үшкеміров атындағы жекпе-жек сарайы мен “QAZAQSTAN” жеңіл атлетика спорт кешендері қабылдайды.
Мерей Қанапия, Медет Қуанышбеков, Қайрат Ақтөреев