«102» операторын балағаттаған ер азамат сотталды

Фото: gov.kz

Астана қаласының тұрғыны полицияның «102» шұғыл арнасына қоңырау шалу барысында операторды балағаттаған. Іс сотқа жетіп, үкім шығарылды, деп хабарлайды «24KZ».

Тәулік бойы жұмыс істейтін шұғыл жәрдем қызметкерін балағаттаған астаналықтың үстінен «Билік өкiлiн қызмет атқару кезiнде қорлау» бабы негізінде іс қозғалған.

Бас прокуратураның хабарлауынша, сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді.

Сот үкімімен тәртіп бұзушыны 30 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.

Астана қаласының прокуратурасы «102» шұғыл желі қызметкерлері күн сайын азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, міндеттерін жоғары жауапкершілікпен атқаратынын мәлімдеді. Құзырлы мекеме билік өкілін қызмет атқарып жүрген уақытта қорлағандар қылмыстық жауапқа тартылатынын ескертті.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз