«Болашақ ойындары» басталды. LIVE

Бүгін Астанада «Болашақ ойындары» аясында Basketball Phygital-дан алғашқы жарыстар басталады.

Алғаш болып ойында Қазақстандық GTB KZ пен Хорватияның Zagrebacki Malisani клубтары кездеседі.

Серік Жарасбаев, ҚР Туризм және спорт вице-министрі:

- Бүгінде фиджитал спорт әлемнің 115-тен астам елінде дамып келеді. Сондықтан Астанада осындай ауқымды турнирдің өтуі Қазақстанның халықаралық спорт кеңістігіндегі орнын нығайтып, еліміздің заманауи спорттық трендтерге ашық екенін көрсете алады.