Қазақстанда 760 жас ғалым мемлекеттік қолдаумен баспаналы болды

Жас ғалымдардың кәсіби өсуіне, ғылыми мансабын дамытуына және халықаралық зерттеу кеңістігіне ықпалдасуына жағдай жасау мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып қала береді.

Қазақстанда жас зерттеушілерді қолдаудың кешенді шаралары жүзеге асып жатыр. Жыл сайын «Жас ғалым» гранты беріліп, ғылыми жобалар қаржыландырылады. Докторантура және индустриялық PhD бағдарламалары арқылы ғылыми кадрлар даярлау мүмкіндіктері кеңейтіліп жатыр. 2025-2026 оқу жылында докторанттарды даярлауға 2 919 орын бөлінді. Оның ішінде экономика салаларының практикалық міндеттерін шешуге бағытталған индустриялық докторантура тетігі бойынша гранттар қарастырылған. 2023-2026 жылдары мемлекеттік қолдау шаралары аясында 760 жас ғалым тұрғын үймен қамтылды. Сонымен қатар ғылыми жетістіктерді ынталандыру мақсатында жыл сайынғы «Үздік жас ғалым» сыйлығы тағайындалды.

Гүлзат Көбенова, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі:

- Ғалым және ғылыми қызметкер ұғымдары заңнамалық тұрғыдан бекітіліп, ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл институты құрылды. PhD докторларының мүмкіндіктері де кеңейтіліп, жас ғалымдар санатына 44 жасқа дейінгі зерттеушілер енгізілді.

2025-2026 жылдарға докторантураға 2919 орын берілді

2021 жылдан бері 1,5 мың ғалым әлемдік тағылымдамадан өтті

2023 жылдан бері 760 жас ғалым баспаналы болды.