Елдегі орман алқаптарының аумағы ұлғайды
Кейінгі 8 жылда елдегі орман алқаптарының аумағы 12,9 миллионнан 14 миллион гектарға ұлғайды. Жоғары өсім Қызылорда облысында тіркелді. Мұндай оң динамикаға Арал орман шаруашылығы аумағындағы алқаптардың табиғи жаңаруына жәрдемдесу шарасы сеп болған. Бұдан бөлек, жоғары көрсеткіштер Түркістан, Қарағанды, Алматы, Павлодар, Жетісу және Батыс Қазақстан облыстары мен Абай аймағында байқалады.