Алматыда ЛРТ құрылысына байланысты Төле би көшесінің екі бөлігі жабылады

фото: lrt.almaty видосынан

Алматыда ЛРТ құрылысына дайындық жұмыстарына байланысты Төле би көшесінің екі учаскесі уақытша жабылады, деп хабарлайды 24KZ.

Алматыдағы жеңіл рельсті көлік жүйесінің ресми парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 11 тамыз сағат 22:00-ден бастап Төле би көшесінің Байтұрсынов қиылысынан Масаншы көшесіне дейінгі және Жұмалиев қиылысынан Байзақов көшесіне дейінгі бөліктерінде көлік қозғалысына шектеу қойылады.

Аталған учаскелердегі қозғалыс 12 тамыз сағат 06:00-ге дейін тоқтатылады. Осыған байланысты жүргізушілерге балама бағыттарды алдын ала таңдауға кеңес беріледі.

Жолдың жабылуы ЛРТ құрылысына дайындық жұмыстарына байланысты. Атап айтқанда, мердігер ұйым инженерлік коммуникацияларды көшіру және күшейту жұмыстарын жүргізеді.

Жұмыстар барысында су құбыры, кәріз жүйесі, жоғары вольтты электр желілері мен газ құбырларына қатысты инфрақұрылымға ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар көпірлер мен жерасты жаяу жүргіншілер өткелдері де күшейтіледі.