Өскеменде жылу тапшылығы азаяды

Өскемен жылу электр орталығында жаңа қазандық пен турбина құрылысы басталды. Мамандар бұл өндіретін жылу мен электр энергиясының көлемін едәуір арттыратынын айтады.

Нәтижесінде орталықтандырылған жылу желісіне 300-ден астам көпқабатты үйді қосуға болады. Әсіресе Өскеменнің қарқынды дамып келе жатқан сол жағалауындағы нысандарды жылумен қамтиды.

Өскемен ЖЭО осыдан 76 жыл бұрын салынған. Қаланы жылу және электрмен жабдықтап тұрған негізгі нысан. Дегенмен жыл санап халық саны артып келе жатқан облыс орталығын толық қамтуға күші жетпейді. Қазір шамамен 280 гигакалория жылу тапшы. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін жаңа энергияблоктың құрылысы басталды. Осының нәтижесінде 2030 жылға қарай кәсіпорынның қуаты артып, қосымша 130 шишакалория жылу мен 100 мегаватт электр энергиясын өндіретін болады. Бұл шамамен жүздеген көпқабатты тұрғын үй мен ондаған өндіріс нысанын энергиямен қамтуға мүмкіндік береді.

Жандос Тұраров, ЖЭО директорының орынбасары:

- Қалаға бұл жоба өте қажет. Өйткені ЖЭО жылу теңдігін жоғарылата отыра, қаланың жылу тапшылығын азайтамыз. Жылу тапшылығын азайта отыра, Өскемен қаласын әрі қарай дамытуға мүмкіндік береді.

Саналы ғұмырын энергетика саласына арнаған Амангелді Нұрғалиев, Виктор Недовесов және Тоқтар Ақтайлақовтар: «Энергия қорын жасақтаудың маңызы зор, сондықтан, кәсіпорынды жаңғырту бастамасы қолдаймыз», - дейді. Себебі эылу тапшылығы салдарынан тұрғын үй құрылысы да тоқтап қалуы мүмкін.  

Амангелді Нұрғалиев, ҚР Құрметті энергетигі:

- Бұл енді қазіргі электр энергияның жетіспеуі, қалаға жылудың жетіспеуіне әсер ететін үлкен жұмыс. Сондықтан бұл қаланың өсуіне үлкен себепкер болатын құрылыс болғалы тұр.

Қазандық пен турбина соңғы технология бойынша салынады. Улы газ бен шан-тозаңды сүзіп алатын арнай қондырғылар орнатылады. Құрылыс жобасымен Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов танысты. Министр жаңа нысандардан бөлек қазір қолданыстағы кәсіпорындарды жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүріп жатқанын айтты. Нәтижесінде елдегі эылу электр орталықтарының тозу деңгейі 52 пайызға дейін төмендейді.

Ерлан Ақкенженов, ҚР Энергетика министрі:

- Маңызды жоба. Неге дегенде Өскемен қаласына электр энергия және жылыту энергиясын толықтай қамтамасыз етуге береді. Осы бүгінгі алаңда ЖЭО 80  пайыз электр энергия  қазір халыққа береді. Осы жаңа энергияблокпен толықтай қамтамасыз етуге және жылумен қамтамасыз етуге толықтай береді.

Биыл елдегі ЖЭО-ында 63 қазандық пен 39 турбина жөнделді. 17 мың шақырым электр желісі және 300 шақырымнан астам жылу құбыры ауыстырылды.

Авторлары: Елдос Кәкенов, Вячеслав Ветлугин және Дмитрий Пыхтин