Бақытжан Базарбек жол апатынан зардап шеккен Нұржігіттің денсаулығына қатысты пікір білдірді

facebook.com/bbazarbek

Кеше Жамбыл облысында экс-депутат Бақытжан Базарбектің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасына қатысты жаңа мәліметтер пайда болды, деп хабарлайды «24KZ». Бүгін әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар арқылы жол апатынан зардап шеккен Нұржігіт есімді азаматтың жағдайы туралы видеожазба мен үндеу жарияланды.

Науқастың туыстары ел азаматтарынан дұға етіп, қолдау көрсетуді сұрады.

Бақытжан Базарбек ағамыз біздің жанымызда. Бауырымның аяққа тұрып кетуіне еш көмегін аяп жатқан жоқ. Қазіргі таңда бауырымның жағдайы қанағаттандырарлық. Құрметті халайық, бауырым үшін дұғада болыңыздар, – делінген үндеуде.

Өз кезегінде жағдайды бақылауда ұстаған Бақытжан Базарбек науқастың денсаулығына қатысты пікір білдіріп, медициналық ұйымдардың жұмысын атап өтті.

Құрметті қазақ халқы, Нұржігіт бауырымыздың денсаулығы ақ халатты абзал жандардың қолында. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан үлкен көмек беріліп жатыр. Реаниматологтар, травматологтар консультация беріп жатыр. Қажетті емшаралар көрсетіліп жатыр. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тарапынан консилиумдар жүріп жатыр. Қазір оң өзгерістер бар, – деді ол.

Сонымен қатар дәрігерлер науқастың беті бері қарау үшін барлық қажетті медициналық көмекті көрсетіп, тиісті министрлік пен жергілікті денсаулық сақтау басқармасы жағдайды ерекше бақылауда ұстап отырғанын жеткізді. 

Естеріңізге сала кетейік, оқиғаның мән-жайы туралы толығырақ 24.kz сайтындағы материалдан оқи аласыздар.