Астанада National Think Tank Forum өтті

«Болашақ бейнесі: нәтижеден жаңа стратегияға». 

Осындай атаумен бүгін Астанада National Think Tank форумы өтті. Ұлттық талдау орталықтарының басшылары, мемлекеттік орган және халықаралық ұйым өкілдері мен академиялық қауымдастық мамандары бас қосқан жиында Қазақстанның даму қарқыны мен экономикалық және цифрлық әлеуеті кеңінен талқыға түсті. Әсіресе адами капиталды дамыту, білім және ғылым жүйесін жетілдіру, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мен өнеркәсіптік даму тақырыптарына басымдық берілді. Елдегі саяси реформалардың мән-маңызы, әлеуметтік тұрақтылыққа тигізер әсері сарапшылардың назарына ілікті.  

 Жандос Шаймарданов, ҚР президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры:

"Басты мақсаты қазіргі таңда біздің жетістіктерімізді көрсетіп және келесі 10 жылдықтың, 5 жылдықтың ішінде біздің повесткада тұрған сұрақтарды талдау.Біз мына ел ішіндегі қазір байқап отырған жаңа реформалар дамып бара жатыр. Соны еске салып және мына шетелде, сыртқы саясатта болып жатқан трендтерді байқап, біріккен повестканы әзірлеуіміз керек.