S&P Global Қазақстанның кредиттік рейтингін «BBB» деңгейіне көтерді
Рейтингтің жоғарылауына елдегі экономиканы әртараптандыруы бағдарламалары ықпал етті.
Агенттіктің бағалауы бойынша, Қазақстанның экономикасы сыртқы сын-қатерлерге және әлемдік нарықтағы бағаның құбылуына қарамастан тұрақты түрде өсуді жалғастырады. Елдегі шикізатты өңдеу және инфрақұрылымды дамыту шаралары, инвестициялар деңгейін Жалпы ішкі өнімнің 30%-на дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ агенттік банк секторының макроэкономикалық күйзелістерге орнықтылығын атап өтті. Айта кеткен жөн қазақстан мұндай көрсеткіштерге 2016 жылдан бері алғаш рет қол жеткізіп отыр.