Ақтөбе облысында Ойыл өзенінде жаңа көпір ашылды

Ойыл өзені арқылы өтетін жаңа көпір ел игілігіне берілді.

2024 жыл су тасқыны салдарынан зақымданған нысан қайта жаңартылды. Жобаның жалпы құны — 3,2 млрд теңге, көпірдің ұзындығы 280 метрді құрайды. Оның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев, аудан басшылығы, мердігер ұйым өкілдері, ауданның құрметті азаматтары мен ауыл тұрғындары қатысты. Азаматтар жаңа нысанның ел үшін маңызына тоқталып, көпірдің пайдалануға берілуі көлік қатынасын жеңілдетіп, тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысына мүмкіндік беретінін жеткізді.

Владимир Розыметов, мердігер компания директоры:

- Көпірдің жалпы өзі 240 метр. Судың үстінде тұрған жері сегіз тіректі. Жалпы екі жақтан қосылған жолдарыменен 550 метрдей болады. Үлкен көпір. Тоғызыншы категория. Тоғызыншы категория ең мықты көпір. 40-50 тонналық машиналар өте алады. 

Зоя Дауылбаева, Ойыл ауданының тұрғыны:

- Көпіріміз тез қолға алынды. Осының тез біткеніне біз аналар атынан қуаныштымыз. Ардагерлер атынан қуаныштымыз. Осы жақсылықта әрдайым бірге болсақ екен дейміз. Жақсылықтың басы-қасында болсақ екен дейміз. Мына көпірдің біткеніне бүкіл Ойылдың бала-шағасынан бастап, еңкейге қартына дейін, еңбектеген баласына дейін қуанып жатырмыз бүгін.