ТМҰ-ға мүше елдердің сайлау жүйесі туралы кітап жарық көрді

«Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің сайлау жүйелері» атты ұжымдық жинақ жарық көрді.

Кітаптың таныстырылымы Астанада ұйымға мүше мемлекеттердің орталық сайлау органдары Консультативтік платформасының жұмыс отырысында өтті. Жиын Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан арасындағы тәжірибе алмасуға және сайлау процесінің өзекті мәселелерін талқылауға арналған. Жинақ Платформа қызметінің практикалық нәтижелерінің бірі әрі ұйымға мүше мемлекеттердің орталық сайлау органдарының бірлескен ғылыми және сараптамалық жұмысының жалғасы болып табылады.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Бұл кітап біздің ортақ еңбегіміз. Әр мемлекеттің орталық сайлау комиссиялары өздері дайындап, өз тарихы, қайдан шықты, қалай сайлау жүйесі басталды және қалай дамып келе жатыр, негізгі бағыттар, құндылықтар қандай, осыны жазып бердіңіздер. Ағылшын тілінде. Соны біз бір кітап қылып жинадық. Қазір ондай кітап жоқ. Бұл сіздер мен біздер бірлесіп жатқан үлкен бір үлкен жаңалық.