Марафон трассасынан сайлау учаскесіне Меңдібай Әлімғазинов бүгін Алматыға жетті

Марафон трассасынан сайлау учаскесіне 10-шы тамыз күні Астанадан шыққан марафоншы Меңдібай Әлімғазинов бүгін Алматыға жетті. Жете салысымен Алатау театрындағы сайлау учаскесіне барып дауыс берді. Желаяқ тарихи сайлаудың маңызын марафон арқылы көрсетуді мақсат еткен. 58 жастағы Астана тұрғыны 1200 шақырымды Екі апта ішінде бағындырған. Шәкірттерімен бірге жолға шығып, күніне шамамен 120-130 шақырым жүгіріп өтті.

 Осылайша, спортты дәріптеп, сайлауға қатысудың маңызды екенін жеткізгісі келген. Алатау театрында орналасқан 545-ші сайлау учаскесінің мүшелері мен қала тұрғындары спортшыны қошеметпен қарсы алып, қолдау көрсетті.

Меңдібай Әлімғазинов, марафоншы:

- жүгіріп көрейін, денсаулығым қалай екен деп жастарға үлгі болсын деп шықтым. Жолда барлығы қолдап отырды, су мен тамағамды берді. Жасым 58-ге келсе де, күшіміз бар екен. Көмектескен халқыма көп рақмет.

Нұрсұлтан Жанұзақов, марафоншы:

- Атаның идеясы жастарға спортты дәріптеу және өзінен де көріп тұрған шығарсыздар, Отанға, еліне деген немқұрайлы қарамайды. Осы дауыс беру идеясын алып осы Алматы қаласына жүгіріп, Азияға дайындалды. Өзінің шәкірті Әкім ағаны және мені алып үшеуміз 10 күні Астана қаласынан шығып кеттік.