Магистратура бойынша білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
Магистартура бойынша мемлекеттік білім грант иегерлерінің тізімі жарияланды.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, гранттарды тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағытта 75 балдан, ал бейіндік бағытта 30 балдан жоғары жинаған азаматтар қатысқан. Тізімді ведомствоның және Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайттары мен телеграм арналарында көруге болады.