Қостанай облысында жаңартылған теміржол вокзалы ашылды
Қостанай облысының Тобыл станциясында 80 жылдық тарихы бар ескі теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, ел игілігіне берілді.
Нысанды жөндеуге 720 млн теңге жұмсалды. Нәтиежесінде вокзал инфрақұрылымы толық жаңартылып, жолаушыларға барынша қолайлы жағдай жасалған.
Тобыл кенті тоғыз жолдың торабында тұр. Бұл жерден тауарлы вагондардан бөлек 13 жолаушылар поезды өтеді. Күніне шамамен осы станция арқылы 250 адам сапарға аттанады. Сондықтан бұл станцияның өңірдің логистикалық жүйесі үшін маңызы зор.
Берік Таңжарықов, облыс әкімінің орынбасары:
- Елде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 124 вокзалдың жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде 80-ге жуық вокзалдың құрылысы қазір бітті. 124 вокзалдың ішінде облысымыз бойынша 6 вокзалдың құрылысы жоспарланған. Соның ішінде Тобыл станциясының вокзалы бесінші болып бітуде.
Жаңартылған вокзал заман талабына сай. Күту залы кеңейтіліп, ана мен балаға жеке бөлмелер қарастырлған. Электронды терминалдар орнатылған.
Шайзада Молдақышқызы, Тобыл кентінің тұрғыны:
- Шын жүректен қуанып келіп отырмыз. Өйткені вокзалдың ішінің тазалығы және қызметкерлердің дұрыс жұмыс істеуі қуаныш сыйлайды деп ойлаймын.
Мұңайтпас Кәшкенбаев, Теміржол саласының ардагері:
- Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үлкен алғыс айтқым келеді. Қазақстан бойынша теміржол вокзалдарын күрделі жөндеуден өткізу туралы шешімі халықтың көңілінен шыққан бастама болды. Вокзал ол-станцияның айнасы.
Тобыл кентінде 6 мыңға жуық адам тұрады. Соның жартысынан астамы бар ғұмырын осы темір жол саласына арнаған. Сондықтан жергілікті халық үшін бүгінгі күннің қуанышы ерек.
Авторлары: Мағауия Қалиев, Ермек Мұхамедияров, Сергей Хаймин