Шығыс Қазақстанда ақша бопсалаған 23 жастағы күдікті ұсталды
Шығыс Қазақстан облысында полициясының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы ақша бопсалау дерегінің жолын кесті, деп хабарлайды 24KZ.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті биыл қаңтар айында жәбірленушінің сеніміне кіріп, одан ай сайын 150 мың теңге талап ете бастаған. Ол талабын қорқыту және психологиялық қысым көрсету арқылы жүзеге асырған.
Өмірі мен денсаулығына қауіп төнгендіктен, ер адам күдіктіге 100 мың теңге берген. Алайда бұл әрекет мұнымен тоқтамаған. Біраз уақыттан кейін күдікті қайтадан ақша талап еткен.
Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол облыс орталығының 23 жастағы тұрғыны болып шықты.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.