ШҚО-да мектептердің қауіпсіздігі тексеріліп жатыр

Шығыс Қазақстандық полиция қызметкерлері жаңа оқу жылы қарсаңында сақтық  шараларын пысықтап, мыңнан астам рейд өткізді.

Олар әсіресе білім беру мекемелеріндегі бейнебақылау жүйесінің қаншалықты жұмыс істеп тұрғанын басты назарға алды. Сонымен қатар мектеп маңайынан өтетін автожолдарды да тексеріп шықты. Тек қана жол белгілері бойынша түрлі кемшіліктерді анықтап, атқарушы орган өкілдеріне  150-ден астам ұсыным жолдады. Өлкедегі білім ошақтары оқушылар  қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қаншалықты дайын? 

Жаңа оқу жылы жақындаған сайын тәртіп сақшылары мектептерді жиі аралай бастады. Алдымен кіреберістегі  өткізу терминалы тексерілуде. Өйткені бұл мекемеге бөгде адамның кіруін шектейтін  негізгі құрал.Полиция қызметкерлері балаларға қаншалықты қауіпсіз орта жасалғанына көз жеткізіп, бейне-бақылау жүйесінің жұмысымен де танысты. Тамыздың ортасынан бері тәртіп сақшылары облыс бойынша 200-ден аса мектепті көріп шықты. Сонымен қатар маңайдағы жол белгілерін түгендеп, соған байланысты біршама кемшіліктерді анықтады.

Нұрлан Жарлығақов, ШҚО ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары:

- 150-ден астам  ұсыным жегілікті атқарушы органдарға жіберілді. Оның белгілі уақыттары болады. Сол уақытта жойылады. Жол белгілері «разметка» дейміз, соның бәрін орнатуға ұсыныс береміз. Полция қызметкерлері тарапынан кейбір мектептерде кемшіліктер анықталды. Мәселен, камера бойынша кемшіліктер.

Жаңа ықшам аудандағы бұл №48  білім ошағы тура жол бойында тұр. Маңында бағдаршам мен жүргіншілер жолағы бар. Дегенмен мектеп әкімшілігі әлі де қауіпсіздік күшейтілсе деген ниеттерін жеткізді.

Шынар Мажинова, №48 мектеп директоры:

- Мектеп маңында бала көп. Сондықтан жасанды жол кедергісі қажет.

Әрбір мектеп бейнебақылау жүйесімен қатар, дабыл батырмасымен де қамтылған. Ол тетік басылса  экипаж жолға шықты дей беріңіз. Өтйкені полиция департаменті білім ошақтарын онлайн бақылап,сақадай-сай отыр.

Дабыл батырмасы басыла сала қажетті ақапарат міне осы орталыққа кеп түседі.Бұл жерде қаладағы 70-ке жуық мектеп алақандағыдай көрінеді. Әрбір білім ошағында кем дегенде 15-20 бейнебақылау жүйесі осы кешенге қосылған.

Білім беру мекемелері маңындағы жол белгілері мен сақтық құралдары толық  жаңартылды. 1 қыркүйекке қарай қалаға ондаған оқушы макеті қойылады.

Сергей Коваленко, Қалалық ПБ Жол-техникалық инспекциясы бөлімінің бастығы:

- Өскеменде тура жол үстінде 30 шақты мектеп тұр. Яғни балалар шыға сала үлкен көлік қозғалысына тап болады. Сондықтан белгілерді жаңартып, жасанды жол кедергілерін көбейттік. Жалпы  балалардың қатысуымен болатын жол апаты  былтырғымен салыстырғанда 15,5 пайызға азайды деуге болады.

Бұдан былай мектептердегі қауіпсіздік бұрынғыдан да күшейеді. Үкімет басшысының тапсырмасына сай жыл соңына дейін елдегі бүкіл мектептердегі бейнебақылау камералары Ішкі істер министрілігінің «Жедел басқару орталығына» қосылуы тиіс.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Дмитрий Пыхтин

Сондай-ақ оқыңыз: