Жаңа оқу жылы қарсаңында ІІМ ата-аналар мен мұғалімдерге үндеу жасады

фото: polisia.kz

Жаңа оқу жылы қарсаңында Ішкі істер министрлігі ата-аналарды, оқушылар мен ұстаздарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беруге шақырды, деп хабарлайды 24KZ.

Оқу жылы басталғанда оқушылардың үйден тыс жүретін уақыты артып, олардың мектепке өздігінен барып-қайтуына, үйірмелер мен спорт секцияларына қатысуына тура келеді.

Осыған байланысты мектеп маңындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті жұмыстар жүргізілді. Балаларды тасымалдайтын автобустар да тексеруден өтті. Анықталған кемшіліктерді оқу жылы басталғанға дейін жою жөнінде тиісті нұсқамалар берілді.

ІІМ ата-аналарға балаларға жолдағы қауіпсіздік ережелерін үнемі ескертіп отыруды ұсынады. Атап айтқанда:

·         жолды тек белгіленген жерден кесіп өту;

·         жолдан өтер кезде телефон қолданбау және құлаққапты шешу;

·         айналаға мұқият қарау;

·         велосипед, мопед және электросамокат мінгенде жол қозғалысы ережелерін сақтау.

Сонымен қатар ата-аналарға баласының қайда жүргенін және кімдермен араласатынын біліп отыру, балалармен ашық сөйлесу ұсынылды. Бала қиын жағдайға тап болған кезде ата-анасынан көмек сұрай алатынына сенімді болуы керек.

Егер балаға қауіп төнсе, 102 нөміріне немесе 111 байланыс орталығына хабарласуға болады.

Сондай-ақ оқыңыз: