Гандболшы қыздар Азиадаға дайындықты пысықтады
Азия ойындары қарсаңында гандболшы қыздарымыз
Алматыдағы Достық спорт кешенінде дайындықтарын пысықтап жатыр. Марина Пикалова баптайтын Қазақстан құрамасы құрлық додасының топтық кезеңінде Жапония мен Оңстүстік Корея және Қытай мен Гонконг, сондай-ақ Өзбекстан мен Вьетнам қол добы шебелерімен кездеседі. Оқу-жаттығу жұмыстарына мамандар ұлттық біріншілікте көзге түсіп жүрген 20 ойыншыны шақыртты. 17 қыркүйекте қол добы шеберлері Жапонияны бетке алады. Естеріңізге салайық гандболдан Қазақстан қыздар құрамасы Азия ойындарынан екі рет күміс және 2014-ші жылы қола алып қайтқан болатын. Биылда Пикалова шәкірттері үштіктен көрінуге тырысамыз деп отыр.
АПЛ мықтылары алаңға шығады
Бүгін Ағылшын премьер лигасының екінші тур ойындары басталады. Манчестер Сити Кристал Пэлас алаңына қонаққа барады. Алғашқы турда қалалықтар әупірімдеп жүріп Борнмуттан басым түссе, Кристал сырт алаңда Эвертонға есе жіберген болатын. Бүгінгі ойынның тартысты болатыны түсінікті. Өйткені АПЛ да үш ұпайды ешкім оңайшылықпен бере салмайды. Ман Сити сапынан бір аптаның ішінде бірнеше ойыншы команда ауыстырып үлгерді. Омар Мармуш мен Савиньо Тоттенхемді таңдаса, Рейнджерс Сауд Арабиясына жол тартты. Ал 19 жастағы Мароккалық Аюб Буадди Сити жейдесін киді. Жас футболшыға Энцо Мареска орын тауып бере ала ма? Оны алдағы уақыттары білеміз. Шымылдық ашар турда Ньюкаслмен ұпай бөліскен Ливерпуль ертең Ноттингем Форесті қабылдайды. Маусым басында Ливерпуль тізгінін қолға алған Андони Ираола бапкерге клуб басшылары үлкен сенім артып отыр. 2-3 күнде трансфер есігі жабылады. Осы уақыттың ішінде ПСЖ футболшысы Брэдли Барколя Ливерпульге ауысып үлгіре ме деген сауалды журналистер бас бапкерге қойған болатын. Бұл сауалдың жауабын мен емес басшылық біледі, деп Андони қысқа қайырыпты. Ливерпуль мен Ноттингем арасындағы ойын ертең Астана уақыты бойынша 16:30 да басталады.
Чемпиондар лигасының жеребесі
Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімін өткен жылы қазақ жанкайерлері асыға күтіп еді. Биыл Қайраттың шамасы Конференция лигасына ғана келді. Кеше Монакода өткен жеребе тарту рәсіміне Тьери Анри мен Давид Вилья секілді ардагер футболшылар қатысып, 36 команданың қарсыластары белгілі болды. Рейтинг бойынша клубтар 4 себетке бөлініп, соқыр жеребе ПСЖ мен Барселона және Ман Ситидің жолы түйістірсе, Бавария мен Арсенал және Атлетико секілді мықтылар өз ара жолығатын болды. Топтық кезең 8 қыркүйекте басталып,келер жылғы қаңтардың 27-сінде аяқталады. Әр команда 8 ойыннан өткізіп, үздік сегіздіктен көрінгендері бірден 8/1 финалға жолдама алады. Қалған 16 команда қосымша екі ойын өткізіп қалған сегіз жолдамаға таласады.