Жайық өзенінің жағалауы тазартылды
Атырауда өткен «Таза жағалау» экологиялық акциясы аясында Жайық өзенінің жағалауы тазартылды.
Сенбілікке өңірдегі кәсіпорын қызметкерлері мен еріктілер қатысты. 300-ге жуық адам «Жұмыскер» ықшам ауданы маңындағы Жайық өзенінің 10 шақырым жағалауынан 15 тоннаға жуық тұрмыстық қалдықтарды жинады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай акциялар тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін нығайтады.
Рамазан Салық, облыстық экология департаменті бөлімінің бас маманы:
- Атырау облысы бойынша экология департаменті «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы төңірегінде «Таза жағалау» жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл шаралар бізде жиі жүргізіліп отырады. Өзіміз басты ұйымдастырушы ретінде көбінесе осы ірі кәсіпорындарды тартып, етене, бірлесіп, жұмыстар атқарамыз. Шығарылған қоқыстар арнайы қоқыс орындарына, полигондарға шығарылатын болады.