Астанада рухани мәуліт кеші өтті

Астанада «Адалдық пайғамбар өсиеті» атты рухани кеш өтті. Шараны мәуліт күні қарсаңында Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы мен қалалық әкімдік бірлесе ұйымдастырған.

Кештің ашылуында сөз алған басқарма Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жамағатты мүбәрак мәуліт айымен құттықтап,  ізгілік пен адалдыққа, еңбекқорлыққа шақырды. Тағылымды шараға зиялы қауым өкілдері, мұсылман елдерінің елшілері мен қала тұрғындары қатысты. Онда елімізге танымал өнер ұжымдары жыр-термелерді орындап, тәрбиелік мәні бар қойылымдар қойды.

Наурызбай Қажы Тағанұлы, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти:

- Қазіргі тәуелсіз елімізде осы мәуліттің жетілген түрін өнер ошақтарында бідің дін мен дәстүрімізді сабақтастыра отырып, елдің домбырасын, жыр-дастандарын кеңінен елімізге насихаттаймыз.

Сондай-ақ оқыңыз: