Энрике Иглесиастың концерті: Алматыда қоғамдық көлік қозғалысы қалай өзгереді

фото: ЖИ арқылы жасалған

5 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтетін Энрике Иглесиастың концертіне байланысты қоғамдық көлік қозғалысы өзгермейді. Ал концерт аяқталғаннан кейін көрермендер үшін 50 тегін шаттл автобусы ұйымдастырылады, деп хабарлайды 24KZ.

Шаттлдар стадионның Абай даңғылы мен Байтұрсынұлы көшесі жағынан жолға шығады.

Тегін автобустар мына бағыттар бойынша қатынайды:

·         әуежай;

·         «Орбита» шағынауданы;

·         Алматы-1 теміржол вокзалы;

·         «Райымбек-Алатау»;

·         «Алматы Арена».

Қоғамдық көлік, соның ішінде Алматы метрополитені де әдеттегі режимде жұмыс істейді.

Шаттлдардың қосымша бағыттары концерттен кейін көрермендердің қаланың негізгі көлік тораптары мен аудандарына кедергісіз жетуіне мүмкіндік береді.

Қала тұрғындары мен қонақтарына концертке бару және қайту бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкіндігінше қоғамдық көлікті пайдалану ұсынылады.

Айта кетейік, Энрике Иглесиастың Алматыдағы концерті 5 қыркүйекте Орталық стадионда өтеді. Іс-шара сағат 20:00-де басталады.

Сондай-ақ оқыңыз: